ҚазҰАЗУ

KAZNARU СТУДЕНТІ «TURKI FEST ALMATY – 2025» ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨЗ ӨНЕРІМЕН ЖАРҚЫРАДЫ

Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Алматы қаласы әкімдігінің және Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Turki Fest Almaty – 2025» қалалық жастар фестивалі өтті. Аталмыш шараға қаладағы 10-ға жуық жоғары оқу орнынан жиналған 300-ден астам дарынды жас қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

✅Фестивальдің іріктеу кезеңінде өнерпаздар түрлі жанрларда бақ сынап, ең үздіктері гала-концертке жолдама алды. Солардың қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің 2-курс студенті Жасұлан Тасболат та бар. Ол «Вокал» номинациясы бойынша оза шауып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

✅Жас талант фестивальде дипломмен марапатталып, 50 мың теңге көлеміндегі жүлдені иеленді. Гала-концерттің шымылдығы да Жасұланның орындауындағы «Атамекен» әнімен жабылды.

✅Бұл жеңіс – жас өнерпаздың еңбегі мен талантының айғағы ғана емес, сонымен қатар KazNARU студенттерінің біліммен қатар шығармашылық салада да биік белестерді бағындырып жүргенінің дәлелі.

✅Өнерлі студентіміз Жасұланға шығармашылық шабыт тілеп, тағы да жеңісімен құттықтаймыз! Алға, KazNARU жастары!👏

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник