«Ветеринария және зооинженерия» факультетінде Ашық есік күні өтті
Бүгін 2025 жылыдың 16 қыркүйегінде «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы экономикалық колледжінің «Нан, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша білім алатын 2 курс студенттері қатысты.
Студенттер кафедраның оқу аудиториясында және «Микробиоценоз және пробиотиктерді құрастыру» оқу-ғылыми зертханасында болып, ғылыми жобалармен, зертханалық жұмыстардың жүргізілу әдістерімен танысты.
Қонақтарға кафедра профессор-оқытушылары зерттеу бағыттары, пробиотикалық препараттар құрастыру, микроағзалардың таза дақылдарымен жұмыс жасау және патогенді бактерияларды анықтау әдістері туралы қызықты мәліметтер ұсынды.
Кафедра ұжымы колледж студенттерін биотехнология және азық-түлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерге шақырып, университет қабырғасында білім алуға ниет білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі