ҚазҰАЗУ

КӨҢІЛ ХАТ!

Рамазанова Сара Бекентайқызының
туыстарына, жақындарына, әріптестеріне!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) атынан асыл жар, аяулы ана, көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Рамазанова Сара Бекентайқызының дүниеден өтуіне байланысты барша туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз.

Сара Бекентайқызының бүкіл өмір жолы отандық ғылымға, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен агрохимия саласын дамытуға арналды. Алматы қаласында туып-өсіп, ол 1954 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, ғылымға алғашқы қадам жасады. Жоғары білімді тәмамдаған соң, ғылыми ізденістерін Мәскеудегі Бүкілодақтық тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында жалғастырды.

Сара Бекентайқызы – ғылымдағы ірі тұлға, өзінің еңбекқорлығы, адалдығы мен ғылыми табандылығы арқылы танылды. Ғалым 150-ден астам ғылыми еңбектің, әдістемелік құралдардың, селекциялық жетістіктерге арналған авторлық куәліктер мен инновациялық патенттердің иегері атанды.

Ғалымның еңбегі мемлекет тарапынан да лайықты бағаланды: «Ерен еңбегі үшін» медалімен, А.И. Бараев атындағы сыйлықпен, И.И. Синягин атындағы медальмен марапатталды.Сара Бекентайқызының есімі қазақстандық ауыл шаруашылығы ғылымының тарихында өшпес із қалдырды. Ол тәрбиелеген шәкірттері мен әріптестері еңбегін жалғастырып, асыл ұстаздың рухына тағзым ететін болады.

Марқұмның жарқын бейнесі, ғылымға сіңірген ерен еңбегі жүректерде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, рухы пейіште шалқысын. Алла алдынан жарылқасын!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник