KazNARU АБАЙ ОБЛЫСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
✅2025 жылғы 15-20 қыркүйек аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Рахат Черикбаев Абай облысында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.
✅Іс-сапар «EURASIA AGRO SEMEY» компаниясына қарасты «Приречное» агрофирмасының шақыруымен ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында оқытушы Абай облысы білім басқармасының басшысы м.а. Бауыржан Ерденбековпен кездесіп, ынтымақтастық туралы келісім жасалынды.
✅Апталық барысында Абай облысындағы Бесқарағай, Барадулиха және Жарма аудандарындағы мектептерінде кездесулер өткізіліп, түлектерге KazNARU-дың білім беру бағдарламалары мен басымдықтары таныстырылды.
✅2026 жылы мектеп бітіруші түлектерге университет, факультеттер, білім беру бағдарламалар тобы, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және әскери кафедраға түсу тәртібі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
✅ Қазір аграрлық салада мамандар тапшылығы сезілуде. Осыған орай «Приречное» агрофирмасының бас агрономы, KazNARU түлегі Исламбек Нұртасұлы ауыл шаруашылығында білікті кадрларға сұраныстың жоғары екенін атап өтіп, бұл бағыттағы мүмкіндіктерді жан-жақты екендігін түсіндіріп өтті.
✅Жалпы 321 бітіруші түлектермен кездесулер өткізіліп, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
✅Бұл сапар жас түлектерге болашаққа сенім ұялатып қана қоймай, еліміздің аграрлық саласын дамытуға үлес қосатын жаңа буын мамандарды дайындауға даңғыл жол ашты.
Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!👏
KazNARU Баспасөз қызметі