ҚазҰАЗУ

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасында фрисби спортынан мастер-класс өтті

23 қыркүйек күні Дене тәрбиесі және спорт кафедрасында фрисби спортынан мастер-класс өтті.
Kazakhstan Flying Disc Federation / Қазақстан ұшатын диск федерациясының (FFDRK) президенті Илларионов Антон Алексеевич өз командасымен бірге университетіміздің 2-курс студенттеріне тағы бір жаңа спорт түрін таныстырды.

Фрисби — командалық спорт түрі. Ойын мақсаты — мүмкіндігінше көп ұпай жинау. Фрисбидің ең көп тараған нұсқасы — алтимат. Ойыншылар саны орналасқан жеріне қарай 5-7 адамнан тұрады. Ұпайлар дискіні қарсыластың соңғы аймағында қолмен тоқтату арқылы алынады.

Фрисби федерациясының жаттықтырушылары ойын ережелері мен тәсілдерін тартымды етіп түсіндіріп, әрбір кіші топта дискімен жұмыс жасаудың негізгі әдіс-тәсілдерін практика жүзінде көрсетті. Студенттер команда болып фрисби ойынын ойнады.

Осындай қол жетімді және қарапайым ережесі бар командалық ойын студенттерге қатты ұнады.
Қазіргі таңда көпшілік спортпен тек жарыстарға қатысу үшін емес, оны ермек ретінде, белсенді өмір сүру үшін пайдаланады. Міне, тағы бір қол жетімді спорт түрімен білім алушыларымызды таныстырып, отбасымен, достармен бос уақытты көңілді өткізуге үлес қостық.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник