ҚазҰАЗУ

KazNaru-да «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» атты семинар өтті

2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студент жастарға арналған «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе, университеттің комплаенс-қызметі мен Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментінің қолдауымен, «Адал ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, қоғам мен ел дамуына жемқорлықтың тигізетін теріс әсерін түсіндіру, сондай-ақ ашықтық пен әділдік құндылықтарын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, білім беру саласындағы ашықтық пен жауапкершілік принциптерін және адал қоғам құрудың жолдарын талқылады.

Семинарға университет студенттері мен қызметкерлері белсенді қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. «Адал ұрпақ» жобасы аясында өткен бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, парасаттылық пен әділеттілікке негізделген ұстанымдарды қалыптастыруға бағытталды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник