Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қонақ дәріс өтті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNaru) Инженерлік технологиялар факультетінің «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасында «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәрісті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Баймуханбетова Сандуғаш Амантаевна жүргізді.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушыларға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелері, эвакуациялау жолдары және ғимарат ішінде немесе ашық алаңда қауіпсіздікті сақтау қағидалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, дәріс барысында заманауи халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғаныс жүйесінің рөлі және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сандуғаш Амантаевна төтенше жағдай кезінде алғашқы іс-әрекеттердің маңыздылығына тоқталып, нақты мысалдар арқылы қауіп-қатердің алдын алу жөнінде практикалық кеңестер берді.Бұл дәріс студенттердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға және азаматтық жауапкершілікті күшейтуге бағытталды.
KazNaru баспасөз қызметі