ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ӨНДІРІСПЕН БАЙЛАНЫСА ОТЫРЫП САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КӨРІНІСІ

2025 жылдың 7 қазанында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ-ның Практика және жұмысқа орналастыру бөлімі мен Алматы қалалық мансап орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен 4 курс студенттері халықаралық логистикалық алпауыт — ZAMMLER компаниясына өндірістік сапармен барды!

🌐 18 жылдан астам тәжірибесі бар ZAMMLER – логистика мен көліктік технологиялар саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі.

🔧 Бұл шараға көлік және логистика саласының болашақ мамандары, яғни келесі білім беру бағдарламаларының студенттері:

🔹 6B07104–Көлік, көліктік техникасы және технологиялар

🔹 6B11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

🔹 6B11302 – Логистика

👥 «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Л. Алдибаева, И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының меңгерушісі И. Базанова, кафедра оқытушылары және «Практика және жұмысқа орналастыру» бөлімінің жетекші маманы Б. Әділхан қатысты.

🔍 Студенттер өндірістік процестермен танысып, теориялық білімдерін нақты ортада қолдану жолдарын көріп, өз салаларына деген қызығушылықтарын арттырды.

💬 Сонымен қатар, дуальды оқыту, өндірістік практика және қонақ дәрістер (гостевой лекция) бойынша алдағы бірлескен жобалар жайлы келіссөздер жүргізілді.

💼 Логистика және көлік саласы бойынша кәсіби бағыт таңдаған студенттер үшін бұл экскурсия — құнды тәжірибе, нақты өндіріспен танысу және болашақ мансапқа мотивация болды!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник