KazNARU студенттері ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін жасанды интеллект арқылы зерттеуге қадам жасады
.jpeg)
2025 жылдың 8 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы референттік орталығына танымдық сапар жасады.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын зерттеу үдерістерін таныстырып, тәжірибелік дағдыларды арттыру болды.
Сапар барысында орталықтың жетекшісі, KazNARU магистрі, Қытай еліндегі Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің PhD докторы Жаннұр Ниязбекова студенттерге зертхананың жұмысымен және талдау үдерістерімен таныстырды. Зертхана базасында студенттер сүт өнімдерінің құрамын анықтап, оның майлылық, ақуыз және лактоза мөлшерін өлшеді. Сондай-ақ, сүт құрамындағы антибиотиктерді анықтау тәжірибесін өз қолдарымен орындап, азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығын түсінді.
Ж. Ниязбекова өз сөзінде зертханалық зерттеулер барысында жиналатын деректердің болашақта жасанды интеллект жүйелерін оқыту және жетілдіру үшін құнды ақпарат көзі болатынын атап өтті.
Өз кезегінде студенттер ауыл шаруашылығын цифрландыру мен автоматтандыру бағытында үлес қосуға дайын екендіктерін білдіріп, KazNARU AI базасын құруды алдағы маңызды мақсаттарының бірі ретінде атап өтті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек»
деген тапсырмасына сәйкес, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы ашылған болатын.
Бағдарлама аясында студенттерге «Қос диплом» жобасына қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл жоба бойынша олар алғашқы екі жылды Қазақстанда, ал келесі екі жылды Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында оқып, заманауи технологиялар мен инновацияларды меңгеруге мүмкіндік алады.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)



.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)