ҚазҰАЗУ

KAZNARU – «СТУДЕНТ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ – 2025» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ

✅2025 жылдың 9 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде дәстүрлі «Студент қатарына қабылдау – 2025» салтанатты іс-шарасы өтті.

✅Іс-шараға Алматы қаласының әкімдігінің өкілдері, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және бірінші курс студенттері қатысты. Мерекелік кеш студенттеріміздің «Әдемі-ай» биімен ашылып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету рәсімімен жалғасты.

Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры А.Қ. Күрішбаев бірінші курс студенттерін құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

✅«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының белсенділері мен спорт саласында ерекше жетістікке жеткен студенттерге ректордың Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, бірінші курс студенттеріне «Білім кілті» мен «Студенттік билет» салтанатты түрде табысталып, ант беріп, студенттер қатарына ресми қабылданды.

✅ KazNARU студенттері – өнерлі, талантты, әрі креативті жастар екенін осы жолы тағы бір мәрте дәлелдеді. Университеттің дарынды жас өнерпаздары мың бұрала билеп, күміс көмей әншілері әсем әнімен тербетті. Ал домбырашылардың әуезді күйлері кештің көркін кіргізіп, ерекше әсер сыйлады. Концерттік бағдарлама толықтай студенттердің өз күшімен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

✅Кеш бағдарламасында көңілді конкурстар мен ойындар ұйымдастырылып, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өз өнерлерін көрсеттті. Жиналған жастар би алаңында думандатып, әсерлі сәттер мен естен кетпес эмоцияларға бөленді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник