ҚазҰАЗУ

KazNARU МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ БЕРДІ

✅Бүгін 2025 жылдың 10 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Жетісу облысының 11-сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. 

✅Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, мектеп бітіруші түлектерге университеттің білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылды.

✅Айта кетейік, бұл кездесуге Жетісу облысының 315 мектебінен 8446 түлек онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн түрде өткен бұл шара мектеп бітірушілер үшін болашақ мамандығын таңдауда үлкен көмек болды.

✅Кездесуге Жетісу облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Солтанбеков Әли Солтанбекұлы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, сынып жетекшілері мен профориентологтар, сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

✅Кездесу барысында академиялық мәселелр жөніндегі департамент директоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы университеттің даму бағыттары мен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.

✅Іс-шараны қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізді.

✅ Сонымен қатар, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін таныстырды. «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының үйлестірушісі Ермеков Фараби Керімбайұлы заманауи цифрлық технологиялардың маңыздылығына тоқталып, университеттің осы бағыттағы инновациялық мүмкіндіктері мен халықаралық тәжірибеге негізделген оқу процесі туралы баяндама жасады.

✅Кездесу барысында студенттер – мемлекеттік грант иегерлері өз жетістіктерімен бөлісіп, университетте сапалы білім мен жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

✅Бұл кездесу түлектерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және аграрлық саладағы білім мен ғылымның маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник