Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясынан студент қыздарға арналған мотивациялық тренинг
9-қазан күні Инженерлік технологиялар факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында ерекше шара өтті.
Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының өкілдері 2, 3 және 4 курс студент қыздарға арналған танымдық тренинг өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді өндіріс саласындағы заманауи үрдістермен таныстырып, болашақ маман ретінде өз мүмкіндіктерін кеңейтуге ынталандыру болды.
Тренинг барысында компания өкілдері өз қызметінің ерекшеліктерін, тұрақты даму стратегияларын, экологиялық жауапкершілік және гендерлік теңдік мәселелерін баяндап өтті.
Компанияның негізгі ұстанымы – «дүниені сергітіп, оны жақсартыңдар» деген қағида.
🔹 Coca-Cola Içecek Kazakhstan – Қазақстандағы жетекші сусын өндіруші кәсіпорындардың бірі, үш зауыт (Астана, Шымкент, Алматы облысы) және мыңдаған жұмыс орны бар ірі өндірістік құрылым.
Компания еліміз экономикасына 500 миллион доллардан астам инвестиция құйып, тұрақты даму бағытында көптеген жобалар жүргізіп келеді.
Тренинг барысында студенттерге арнайы таныстырылған «Tañdauym» – Coca-Cola Içecek Kazakhstan мен ФЕЦА қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған алты айлық стипендиялық бағдарлама.
Бағдарлама инженерлік, технологиялық және өндірістік бағыттарда білім алып жүрген студент қыздарға арналған.
Мақсаты — қыздардың техникалық және өндірістік салалардағы кәсіби өсуіне жағдай жасау, олардың әлеуетін ашу және болашақта жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.
📘 Бағдарлама 4 негізгі бағыттан тұрады:
Менторлық қолдау — Coca-Cola компаниясының тәжірибелі мамандары студенттерге жеке бағыт-бағдар береді.
Білім беру модулі — soft skills және кәсіби даму бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтар.
Практикалық тәжірибе — стажировкалар мен өндірістік site visit-сапарлар ұйымдастырылады.
Қоғамдастық құру — қатысушылар арасында өзара қолдау мен тәжірибе алмасу ортасын қалыптастыру.
💰 Бағдарлама аясында әрбір қатысушы 250 000 теңге көлемінде білім грантын ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Сонымен қатар, студенттер Coca-Cola зауыттарында тәжірибеден өтіп, компанияның корпоративтік мәдениетімен, жаңа технологияларымен жақын таныса алады.
👩🎓 Іс-шараның қатысушылары
Тренингке факультет деканы Алдибаева Л.Т., кафедра меңгерушісі Мамаева Л.А. кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Coca-Cola компаниясынан арнайы келген маман Мадина Ерманбет, Алина Абилова өздерінің кәсіби жолдары, мансаптағы тәжірибелері және әйелдердің өндіріс саласындағы мүмкіндіктері туралы шабыттандыратын мысалдармен бөлісті.
Бұл кездесу студенттерге үлкен мотивация беріп, өндіріс пен инженерлік саладағы әйелдердің рөлінің маңыздылығын көрсетті.
Осындай тренингтер қыздарға өз мамандығына сеніммен қарауға, болашағын нақты бағытта жоспарлауға мүмкіндік береді.