«Шин-Лайн» компаниясының бизнес-тренері KazNARU-де жеке тиімділік пен тайм-менеджмент туралы дәріс өткізді
15 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің “Инженерлік технологиялар” факультетінің “Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі” кафедрасында студенттерге арналған танымдық қонақ дәріс ұйымдастырылды.
Дәріс тақырыбы – «Жеке тиімділік және тайм-менеджмент». Шараға «Шин-Лайн» ЖШС компаниясының бизнес-тренері Антон Лавриенко арнайы шақырылып, студенттермен тиімді уақытты басқару, мақсат қою және жеке өнімділікті арттырудың заманауи тәсілдері туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Спикер кәсіби және тұлғалық дамудың негізгі қағидаларына тоқталып, студенттерге мотивация мен өзін-өзі жетілдіру бағытында пайдалы кеңестер берді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар белсенді түрде пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, олардың табысты маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
KazNARU Баспасөз қызметі