EDP HUB Publishing компаниясы KazNARU-да цифрлық білім беру саласында семинар өткізді
15 қазан 2025 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде оқытушыларға арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау: оқытушылар мен университеттер үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы семинар өтті.
Семинарды EDP HUB Publishing (Eurasian Digital Platforms Hub) компаниясының бас маманы, Республикалық деңгейдегі сарапшы Гүлжауар Бикжанова жүргізді. Спикер жоғары оқу орындарында цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесімен, тиімді онлайн оқыту тәсілдерімен және оқытушылардың кәсіби өсуіне арналған жаңа мүмкіндіктермен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар білім беру процесінде цифрлық құралдар мен платформаларды тиімді қолдану, оқу контентін жаңғырту және университеттің цифрлық экожүйесін дамыту бағытында өзара пікір алмасты. Мұндай семинарлар оқытушылардың кәсіби даму деңгейін арттырумен қатар, университеттің инновациялық білім беру кеңістігін қалыптастыруға маңызды үлес қосады.
KazNARU Баспасөз қызметі