ҚазҰАЗУ-да Дүниежүзілік нан күні аталып өтті
Дүниежүзілік нан күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында мәдени-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның ұйымдастырушысы — ТПРП-22-09К тобының студенттері, топ жетекшісі Муратбекова К. М.
Іс-шараның мақсаты — студенттерге нанның адам өміріндегі аса маңызды азық-түлік өнімі ретіндегі маңызын түсіндіру, еңбек адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру және ұлттық дәстүрлерге негізделген тағам мәдениетіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Бағдарлама аясында студенттердің өз қолдарымен әзірлеген түрлі нан және нан өнімдері ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Көрме қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық және әлемдік нан пісіру дәстүрлерімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жастардың еңбекқорлық, бірлік, өзара көмек және қарапайымдылық сияқты қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар мәдени мұраны сақтау мен ұлттық сананы нығайтуға бағытталған құндылықтарды қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, барша әріптестерді кәсіби мерекемен — Дүниежүзілік нан күнімен құттықтады!
KazNARU Баспасөз қызметі