ҚазҰАЗУ

KAZNARU МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУҒА ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

2025 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында «Бейжіңде оқу — 2025» тақырыптық білім көрмесі өтті. Іс-шара «Жібек жолы шеберлері» халықаралық университеттер альянсының және Бейжің қаласының Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрме аясында қазақстандық және қытайлық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық алмасу және халықаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды бағдарламалары таныстырылды.

Ерекше атап өтетін жағдай, Қытай аграрлық университетінің (CAU) Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) магистранттары мен докторанттарына «Гидротехника» бағыты бойынша, Су ресурстары және азаматтық құрылыс факультетінде білім алуға арналған 5 грант ұсынуы болды.

Сертификаттар «Су ресурстары және IT-технологиясы» факультетінің деканы Арыстанов Мейрам Буранұлына табысталды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, инженерлік білім мен су ресурстары саласындағы халықаралық академиялық байланыстарды дамытуға, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға арналған мүмкіндік берді.

 

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник