KAZNARU ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ «РЕСПУБЛИКА КҮНІН» ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТТІ
2025 жылы 23 қазан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, студент жастар қатысты.
25 қазан – Республика күніне арналған іс-шара универсиететтің Басқарма Төрағасы-Ректоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлының құттықтау сөзімен басталды.
«Тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларация қабылданғаннан бері де 35 жыл өтіпті. Осы атаулы күн Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен Ұлттық мереке ретінде белгіленді.
Осымен, төртінші жыл Республика күні жаңа мазмұнда аталып өтіп, халқымызға рух беріп, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын қуатты тетіктердің біріне айналуда.
Бүгінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) еліміздің жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны бар жетекші оқу орындарының бірі. Соңғы 3 жылда атқарылған түбегейлі өзгерістер мен ауқымды жұмыстар нәтижесінде КаzNARU 2025 жылы алғаш рет «QS Sustainability Rankings» рейтингі бойынша әлемнің үздік 700 жоғары оқу орындарының қатарына, ал Times Higher Education World University Rankings (THE) беделді рейтингі бойынша - 1500+ санатына кіріп, осы құрметке ие болған Қазақстанның үздік 5 жоғары оқу орындарының бірі атанды.
Университетімізде білім алушыларды саны 20%-ға, ал шетелдік студенттердің саны 10 есе артты, барлық білім беру бағдарламалары жаңартылды. 7 жетекші шетелдік университеттермен қос дипломдық бағдарламалар іске асырылуда. Осы ғылыми әлеуетті және материалдық-техникалық базаны барынша пайдалана отырып, 5 еншілес ғылыми ұйымдарда және еліміздің 350 озық агроқұрылымдарының базасында студенттерді оқытудың практикалық бағыттылығы күшейтілді.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 2,8 есеге, ал ғалымдардың ғылыми әзірлемелерінің нәтижелерін коммерцияландыру 96 есеге ұлғайды. Web of Science базасы бойынша ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі 2 есеге жуық өсті.
Халықаралық байланыстарды дамыту мақсатында әлемнің 15 елінің жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
Университетіміздің базасында Қытайдың Чжэцзян технологиялық университетімен «Кеңістік-уақыттық жасанды интеллект» мамандығы бойынша бірлескен қос дипломдық бакалавриат бағдарламасы бойынша алғашқы студенттер қабылданды, Қазақстан – Неміс бірлескен «NEXUS» институты құрылды, АҚШ-тың Небраска Линкольн университетінің филиалын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қытайдың жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен бірлесіп су және орман ресурстарын цифрлық басқару, климаттың өзгеруі, «One Health» ветеринария оқу бағдарламасы мен зертханасы, жасанды интеллект институты бойынша 8 зерттеу зертханалары мен орталықтары құрылды.
Университет ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегінің арқасында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлануда. Соңғы 3 жылда университет оқытушыларының жалақысы 2,8 есеге артты. Бұл – педагог мәртебесін көтерудің нақты дәлелі.
Соңғы жылдары, университетіміздің материалдық-техникалық базасы да айтарлықтай жаңарды: оқу-зертханалық ғимараттарға, жатақханаларға кезең-кезеңмен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде» , - деді өз құттықтауында Ақылбек Қажығұлұлы.
Мерекелік жиында университеттің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының марапаттарына ие болды. Оларға «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» және «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгілері, сондай-ақ «Құрмет грамоталары» мен арнайы «Алғыс хаттар» табысталды.
Кеш көңіл тербетер керемет ән-бимен жалғасын тапты. Университетіміздің талантты студенттерінен құрылған «Алтын дән» вокалды-аспапты ансамблі, «Қаракөз», «Albeni’s» және «One» топтары өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, жан-жақты дарынды студенттеріміз ән айтудан да шет қалмай, әсем дауыстарымен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Университет қабырғасында ұлттық мерекені ұлықтауға арналған көп күндік іс-шаралар тізбегі жүйелі ұйымдастырылған болатын. Әр факультетте арнайы егемендіктің, елдіктің, тәуелсіздіктің қадірін сезіндіруге, жүректерінде ұлтқа, мемлекетке, отанға деген патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған мерекелі кештер, түрлі рухани, мәдени апталықтар мен челлендждер өтті.
Ал бүгін Республика күніне орай барша оқу ұжымы мен студенттер мемлекеттік әнұранды орындады. Көк туымызды көтеріп, егемен елдің еркін ұрпағы, жастары екенін, елдің болашағы үшін аянбай күш салатынын байқатты.
Республика күні ерекше мәнге ие. Өйткені ол елдің мемлекет құрудағы тарихи қадамының символы болып табылады.
Сондықтан да әрбір ел азаматы атаулы күннің асқақ мейрам екенін естен шығармауы тиіс.
Республика күні құтты болсын!
KazNARU Баспасөз қызметі