ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасына Ферғана политехникалық институтының техника ғылымдарының докторы, профессор Назирова Рахманохон Мухтаровна жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы өзара байланыс пен ғылыми ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды. Тараптар тағам технологиясы мен қауіпсіздігі саласындағы бірлескен зерттеулер, академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.
Сонымен қатар, профессор Назирова Рахманохон Мухтаровна «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне мазмұнды қонақ дәрістерін оқып, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи ғылыми тәсілдер туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Бұл кездесу тағам технологиясы саласындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, халықаралық серіктестікті кеңейтуге және студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік берді.
KazNARU халықаралық әріптестікті дамыту арқылы білім мен ғылымның жаңа белестерін бағындыруды мақсат етеді.


