БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бизнес және құқық факультетінің Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика факультетінің «Экономика» кафедрасы арасында білім беру бағдарламалары мен гранттық қаржыландыру бойынша тәжірибе алмасу кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – жоғары білім беру жүйесіндегі ғылыми және әдістемелік тәжірибені бөлісу, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеу бағыттарын дамытуға ықпал ету болды. Шара барысында екі жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы білім беру бағдарламаларын жетілдіру, академиялық ұтқырлық және ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру тетіктері туралы пікір алмасты.
Кездесу нәтижесінде тараптар жаңа ғылыми бастамаларды іске асыру және өзара серіктестікті нығайту жөнінде уағдаласты. Бұл кездесу екі оқу орны арасындағы академиялық байланыстарды одан әрі тереңдетуге және білім беру сапасын арттыруға жаңа серпін берді.