ҚазҰАЗУ

KazNARU МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ «ҚҰЛАН» АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ

2025 жылғы 24 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы мен «Құлан» агротехникалық жоғары колледжі өкілдерінің қатысуымен ОФЛАЙН форматта кездесу өтті. Шара екі жақты меморандум аясында ұйымдастырылып, аграрлық білім мен ғылым саласындағы өзара әріптестікті дамытуға бағытталды.

Алғы сөзді Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов бастап, білім беру жүйесін жетілдіру мен өңірлік кадрлар даярлау ісіндегі серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлмира Егізбайқызы Алпысбаева, Білім беру процесінің мазмұны бөлімінің бастығы, PhD Жанар Әбікенқызы Кусаинова, Білім беру үдерісін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, а.ш.ғ.к. Азамат Мәрденұлы Койшибаев және «Агробиология», «Ветеринария және зооинженерия» факультеттерінің кафедра меңгерушілері қатысты.

Кездесуді Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Айнұр Елтайқызы Қайырбаева ұйымдастырып, жүргізді.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» басшысы Айбар Мэлсұлы Сапарғали, «Құлан» агротехникалық жоғары колледжінің директоры Тұрарбек Нұрлыбекұлы Шарипов және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты егіншілік зертханасының бас ғылыми қызметкері, а.ш.ғ.д., профессоры Жұмағали Оспанбайұлы Оспанбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және жем шөп өндірісі» ҒЗИ ЖШС, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ғалым хатшы Айгуль Кадырбаевна Таджиева сөз сөйлеп, бірлесіп ғылыми жобалар әзірлеу мен тәжірибе алмасу бағытында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Бұл кездесу KazNARU мен Жамбыл облысындағы аграрлық колледждер арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін бастады. Қазіргі таңда Жамбыл облысында барлығы 44 колледж бар. Оның ішінде 20 мемлекеттік және 22 жекеменшік колледж. Болашақта барлық колледждермен меморандумға отыру.

«Құлан» агротехникалық жоғары колледжінен кейін В077 Өсімдік шаруашылығы, В079 Орман шаруашылығы, В080 Балық шаруашылығы, В062 Электр техникасы және энергетика білім беру бағдарламалары топтарына 2 жылдық білім беруге қабылдау үшін оқу-білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру жұмысы жүргізіп, бекіту.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник