KazNARU-де «Сенің таңдауың – есірткісіз өмір!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті
2025 жылдың 3 қарашасында «Заң мен тәртіп» қағидаты: «Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысын жетілдіру туралы» жобасы аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Сенің таңдауың – есірткісіз өмір!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Шараның мақсаты – студент жастардың есірткі заттарының зияны туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сауаттылығын күшейту.
Іс-шараға «Өмірді таңда» қоғамдық қорының спикері Қабжанов Рашид Шахмуратұлы қатысып, студенттермен еркін форматта ашық диалог өткізді. Ол өз сөзінде былай деді:
«Есірткі адам ағзасына орны толмас зиянын тигізеді. Онымен қоса, 2024 жылы есірткі тасымалдаушылардың ішінде 16–29 жас аралығындағы жастардың үлесі 56 пайызға артқан. Бұл – қоғам үшін өте алаңдатарлық көрсеткіш. Әрбір жас өз болашағына жауапты екенін түсініп, уақытылы шешім қабылдай білуі қажет»- деді, Рашид Шахмуратұлы.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сондай-ақ, дәріс соңында сауалнама жүргізіліп, қатысушылардың көзқарасы талқыланды.
Іс-шараның модераторы KazNARU Жастар ісі жөніндегі басқармасының әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Иманбеков Мақсат Мұқатайұлы кездесуді қорытындылай келе, белсенді қатысқан спикерлер мен білім алушыларға алғыс білдірді.
Айта кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында университетте есірткіге қарсы бағытталған кешенді іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
KazNARU Баспасөз қызметі

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)