ҚазҰАЗУ

KazNARU-да МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ ӨТУДЕ

✅ 2025 жылдың қараша айының 5-і мен 7-ші жұлдыздары аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) Сыртқы сараптау комиссиясының (ВЭК) қатысуымен 24 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу сараптамасы жұмысын бастады.

✅ Сараптамалық комиссия құрамына IAAR-дың жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылары, сонымен қатар жұмыс берушілер мен студенттер қауымдастығы өкілдері кірді.

✅ Сыртқы аудит Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне IAAR-дың бекітілген бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

✅ Мамандандырылған аккредиттеу аясында KazNARU Басқарма Төрағасы–Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлымен сұхбат болып өтті. Сұхбат барысында ректор соңғы жылдарда атқарылған жұмыстар жөнінде және университеттің даму жоспарындағы басым бағыттарды айқындады.

✅ Сондай-ақ, сарапшылар тобының мүшелері KazNARU проректорларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, декандармен және кафедралар меңгерушілерімен, оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесті.

✅ Әріптестерімізге жұмыстарына сәттілік тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник