KazNARU ЖАЙДАРМАНШЫЛАРЫ КӨҢІЛДІ КЕШ СЫЙЛАДЫ
2025 жылдың 20 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Акт залында Көңілді тапқырлар клубының 1 курс студенттері арасында факультетаралық мерекелік кеші өтті.
«Өнерлі болу – ол да байлық» деген ұранмен басталған мерекелік кешке факультеттерден келген 1 курс студенттерінен құралған 8 команда қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олар тапқырлықтары мен әзіл-қалжынға толы өнерлерімен көрермендерді тәнті етіп, залда ерекше көңіл-күй орнатты.
Халқымыз қашанда «Күлкі ашылған гүл, көңіл шашылған нұр» деп әспеттейтін әзіл-қалжың өнерін бағалауға Жайдарманшы, жүргізуші, шоумен Кенжеев Айболат, ALT университетінің тәрбие департаментінің бас маманы Амантай Ерасыл Мейірханұлы, Жайдарманшы, «Сенсация» және «Ауылдар»құрмасының мүшесі Сәрсенбаев Нүркен Нұрсейтұлы, «Альфа продакшн» студиясының директоры, режиссер Ыдырыс Алмат Болатұлы, университет психологы Мыңбай Әлішер Бекболұлы қатысты.
Көрермендерді шуақты көңіл-күйге бөлеген және шымыр әзілдерімен елді шымшылаған жайдарманшылар арасында «Бизнес және құқық» жоғары мектебі - «ИП ДИНАРА» құрамасы жүлделі 1-ші орынға ие болды.
Жүлделі 2-ші орыннан «Агробиология» факультетінің «БАЛ» құрамасы, ал 3-ші орыннан «Агробиология» факультетінің «Агрозияки» командасы көрінді. «Үздік ойыншы» номинациясы «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің 1 курс студенті Серік Құралай Мұхтарқызына бұйырды.
Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен қаржылай сый-сыяпаттар тапсырылды.
Жүлделеріңіз құтты болсын және өнерлеріңіз әрқашан өрге өрлей берсін, жас таланттар!
KazNARU Баспасөз қызметі



























