ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ТАҒАМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ: TAÑDAUYM СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Алматы қаласындағы қуанышты жаңалықпен бөлісеміз! CCI Қазақстан (@cocacolaicecekkz) және Орталық Азияның Еуразия Қоры (@efca_kz) ұйымдастырған, инженерия және техникалық салаларда мансап құруды мақсат еткен қыздарға арналған Tañdauym стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздары анықталды.

Бағдарлама қатысушыларына 6 ай бойы жан-жақты қолдау көрсетіледі:
Mentors: CCI компаниясының тәжірибелі менторларымен жұмыс
Grant: Білім гранттары
Soft Skills: Жұмсақ дағдылар бойынша кәсіби тренингтер
Internship: Өндірістік кәсіпорындарда тағылымдамадан өту мүмкіндігі

Бұл бағдарлама аясында Алматы қаласынан 180 өтінімнің ішінен іріктелген 30 үздік студент қыз дамуға ерекше мүмкіндік алды.

Осы орайда ерекше қуанышпен хабарлаймыз: KazNARU Инженерлік технологиялар факультеті «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 4 курс ТПРП-22-09 К тобының студенттері — Абиыр Гаухар мен Шайхы Гүлназ — Tañdauym бағдарламасының 6 айлық стипендия иегерлері атанды!

KazNARU атынан Абиыр Гаухар мен Шайхы Гүлназды шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын жетістіктер тілеп, техникалық саладағы кәсіби жолдары табысты болсын!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник