ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

BALMUZDAQ PARTY: СТУДЕНТТІК АТМОСФЕРАНЫ ЖАНДАНДЫРҒАН ЖАРҚЫН КЕШ

✅ Инженерлік технологиялар факультетінде студент жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында Balmuzdaq Party атты мерекелік іс-шара өтті. Кеш ерекше форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға көңілді әрі мазмұнды бағдарламасын ұсынды.

✅ Шара барысында студенттерге арналған ән, би, көңіл көтеретін ойындар, интерактивті сайыстар және командалық белсенділіктер ұйымдастырылды. Бұл жастардың бір-бірімен жақын танысып, достық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік берді.

✅ Кештің салтанатты бөлігінде факультет деканы Алдибаева Л.Т. сөз сөйлеп, студенттерге жылы лебізін білдірді. Ол факультеттің жастарға арналған бастамалары әрдайым қолдау табатынын және мұндай іс-шаралар студенттердің рухани дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

✅ Сонымен қатар, Тәрбие департаментінің Жастар комитетінің төрағасы Сманов Аширали да құттықтау сөз айтып, белсенді жастарға ризашылығын жеткізді. Ол студенттердің әлеуметтік, мәдени және қоғамдық өмірдегі белсенділігі университет дамуының маңызды бөлігі екенін ерекше атап өтті.

✅ Balmuzdaq Party өз мақсатына толық жетіп, студенттер қауымына жағымды эмоциялар мен ұмытылмас кеш сыйлады. Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды.

P.S.: Айта кетейік, тіпті төмендегі фотосуреттер де 2000 жылдардың атмосферасын сезіндіру үшін сол кезеңнің стиліне ұқсатып арнайы түсірілген.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник