№5 «Жалын» жатақханасында студенттердің тұрмыс-тіршілік жағдайы тексерілді
2025 жылдың 26 қарашасында Зооинженерия және биотехнология кафедрасының оқытушылары студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бақылау және олардың оқуына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында №5 «Жалын» жатақханасына жоспарлы тексеріс жүргізді. Аралау барысында студенттердің тұрмыс жағдайы, бөлме тазалығы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының орындалуы назарға алынды.
Тұрғын бөлмелерді қарау нәтижесінде олардың жалпы тазалығының жақсы деңгейде екені анықталды. Тұрмыстық заттардың орналастырылуы, төсек-орын жабдықтарының жағдайы, жарықтандыру мен температуралық режимнің санитарлық нормаларға сәйкес келетіні байқалды. Ортақ ас үй, санитарлық тораптар және жуыну бөлмелерінің тазалығы тексеріліп, қажетті жабдықтардың толық екені расталды.
Өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше көңіл бөлінді. Қабаттардағы эвакуациялық белгілердің дұрыстығы, өрт сөндіргіштердің жарамдылық мерзімі тексерілді. Жалпы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды.
Аралау барысында студенттермен әңгімелесу ұйымдастырылып, олардың тұрмыс-тіршілік жағдайына, интернет жылдамдығына, санитарлық аймақтардың тазалығына қатысты ұсыныстары тыңдалды.
Жалпы қорытынды бойынша жатақхана жағдайы жақсы деп бағаланды. Аталған шара аясында жатақхана меңгерушісі А. Тлепбаева және белсенді студенттердің қатысуымен жылы атмосферада шағын кездесу өткізіліп, студенттерге ыстық бауырсақ пен ыстық тағам ұсынылды.
Авторлар: Орақбаева А., Сағымбек Ф.



.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
