ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ» ЖӘНЕ «КАДАСТР» БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН «ҚАЗАҚСТАН ЖАЙЫЛЫМДАРЫН КӨМІРТЕКТЕНДІРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

✅2025 жылдың 28 қарашасында «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының студенттеріне арналған қонақ дәрісі аясында кафедра меңгерушісі, қауым.профессор Э.А. Мурсалимова қонақ дәрісін ұйымдастырып, сөз сөйледі. Қонақ спикер ретінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) жайылымдарды тұрақты басқару жөніндегі сарапшысы Садық Бақтияр шақырылды.

✅«Жерге орналастыру» және «Кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша 4 курс студенттеріне профессор Садық Б. "Қазақстан жайылымдарын көміртектендіру” тақырыбында дәріс оқыды.

✅Профессор Садық Б.органикалық көміртекті пайдалану арқылы Қазақстанның жайылымдарындағы топырақ құрылымы мен өсімдік жамылғысын жақсартуға бағытталған әдістер туралы ақпарат берді.

✅Презентацияда топырақ құрылымын жақсарту, органикалық заттардың құрамын арттыру, тамырлар мен көпжылдық шөптердің өсуін ынталандыру, CO₂ шығарындыларын азайту және өсімдіктер мен топырақтың көміртекті секвестрлеуін жақсарту әдістері туралы жан-жақты ақпарат болды.

✅Студенттер тозған жерлерді қалпына келтіру, шөптердің биоәртүрлілігін арттыру, эрозияны азайту және басқа да байланысты мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

Профессор Садық Б. шөптің өсуін жақсартудың, топырақ ағзаларының белсенділігін арттырудың және органикалық заттардың жиналуын арттырудың практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник