«СПОРТ – КЕМЕЛДЕНУ БИІГІ» ТУРНИРІНДЕ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
2025 жылдың 2 желтоқсаны күні Абай университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Спорт – кемелдену биігі» атты волейбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Турнирге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Буревестник» жаттықтырушылар құрамасы, Қазақ ұлттық қыздар университеті және Абай университетінің құрама командасы қатысып, тартысты әрі қызықты ойын көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар шеберліктерін шыңдап, командалық рух пен кәсіби дайындықтарын дәлелдеді. Әр команда өзара бәсекелестікті күшейтіп, көрермендерге әсерлі ойын өрнегін ұсынды.
Турнир нәтижесінде ерекше көзге түсіп, ойын барысында үздік өнер көрсеткен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі Туякбаева Меруерт Шекеевна жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, ол өзінің жоғары кәсіби деңгейі мен шапшаң реакциясының арқасында «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.
Бұл турнир қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыруға, оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.
KazNARU Баспасөз қызметі









