ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ПРОФЕССОР ОМАРОВ РАШИТ АБДЫГАРАВОВИЧТІҢ «ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІСІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болашақ инженер-энергетиктердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды білім беру іс-шарасы өтті. "Энергетика және электротехника" кафедрасының 2 және 3 курс студенттері үшін техника ғылымдарының докторы, профессор, ЖШС «Агроинженерия ҒӨО» «Энергия үнемдеу және «жасыл» энергетика» зертханасының меңгерушісі Омаров Рашит Абдығарарович жүргізді.

✅Дәрістің тақырыбы - "Төмен потенциалды және жаңартылатын энергетика" - кездейсоқ таңдалмады. Бүкіл әлемде орнықты және экологиялық технологияларға жедел көшу байқалуда және Қазақстан бүгінде елдің энергетикалық теңгеріміндегі ЖЭК үлесін кеңейтуге стратегиялық назар аударуда. Осыған байланысты студенттер саланың жетекші мамандарының бірінің заманауи ғылыми-техникалық көзқарасымен танысуға мүмкіндік алды.

✅Дәріс барысында күн, жел, су және биоэнергетиканы дамыту

бағыттары жүйелі түрде талқыланып, аграрлық секторда қолданылатын инженерлік шешімдер қарастырылды. Сонымен қатар ЖШС «Агроинженерия ҒӨО» «Энергия үнемдеу және «жасыл» энергетика» зертханасында орындалып жатқан ғылыми жобалар таныстырылды. Профессор энергия тиімділігі, ЖЭК-нің қолданыстағы энергетикалық жүйелерге интеграциясы, басқару процестерін цифрландыру және ауыл шаруашылығындағы автономды энергия көздерінің сенімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

✅Дәріс жоғары практикалық бағыттылығымен ерекшеленді: студенттерге ЖЭК технологияларын өндірістік жағдайда қолданудың нақты мысалдары ұсынылды, инженерлік міндеттер, оларды шешудің заманауи тәсілдері және жас мамандардың салалық жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Мұндай формат студенттердің «жасыл» энергетиканың қазіргі ахуалы мен даму перспективалары туралы кешенді түсінік қалыптастыруына жағдай жасады.

✅Кездесуге қатысушылар мұндай дәрістердің университет пен ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы байланысты нығайтудағы, сондай-ақ студенттердің кәсіби ынтасын арттырудағы маңызын атап өтті.

✅Профессор Омаров Рашит Абдығараровичке мазмұнды және өзекті дәріс өткізгені үшін шынайы алғыс білдіреміз. Бұл дәріс энергетика саласының болашақ мамандарын сапалы даярлауға қосылған маңызды үлес болды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник