KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
2025 жылғы 5 желтоқсанда Алматы қаласында Caspian University ұйымдастырған «TEAM BATTLE-2025» халықаралық межвузовский додасы өтті. Биылғы жарыс «Маркетинг без границ: данные, креатив, доверие» тақырыбында өтіп, Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының командаларын біріктірді.
Командалар маркетинг, деректер аналитикасы, креативті шешімдер және жобаларды басқару бағыттарында бәсекеге түсіп, өз жұмыстарын кәсіби деңгейде қорғады.
KazNARU университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебінің командасы жоғары нәтижемен көзге түсіп, ІІ орын иеленді!
Жеңімпаз команда құрамы:
-
Ахметова К.Р. – команда капитаны
-
Соколенко В.А.
-
Абуәшім Н.Б.
-
Қанатұлы Мағжан
-
Серік Азамат
-
Еркінбай Анэля
Команда жетекшісі:
Х.Д. Чурин атындағы Менеджмент және агробизнесті басқару кафедрасының меңгерушісі – Саурукова А.К.
🟩 TEAM BATTLE-2025 жарысына қатысқан университеттер:
-
Тұран университеті
-
Плеханов атындағы РЭУ (Ресей)
-
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
-
Каспий қоғамдық университеті
-
Астана халықаралық университеті
-
Нархоз университеті
-
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU)
-
БГЭУ (Белорусь мемлекеттік экономикалық университеті)
Бұл жетістік – KazNARU студенттерінің жоғары кәсіби дайындығының, креативті ойлауының және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігінің айқын дәлелі.
KazNARU жастарының жаңа биіктерді бағындыруына қуаныштымыз!
Университетіміздің намысын абыроймен қорғаған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!








