ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМГЕ БІРГЕ ҚАДАМ БАСАЙЫҚ» ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

✅9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Жастар ісі жөніндегі басқармасы «Жемқорлықсыз әлемге бірге қадам басайық» атты факультетаралық байқау ұйымдастырды.

✅Байқаудың мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттау, құқықтық сананы арттыру және азаматтық белсенділікті қолдау.

✅Қазылар алқасын «Harmony» психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі Кольбаева Динара Достаевна, психолог Мыңбай Әлішер Бекболұлы және студенттік омбудсмен Күзен Назерке Бексейтқызы басқарды.

✅Барлық кезеңдер тартысты өтіп, студенттер өз білімін, ой-өрісін және шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

✅Байқау қорытындысында I орынды «Бизнес және құқық» жоғары мектебі, II орынды «Инженерлік технологиялар» факультеті, ал III орынды «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті иеленді.

✅Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, әділдік пен адалдықты өмірлік ұстанымға айналдырып, жемқорлықсыз жарқын болашақты бірге қалыптастыруға шақырамыз.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник