Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ашық есік күні өтті
Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің “Инженерлік технологиялар” факультеті мен “Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі” кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы Технологиялық-Экономикалық колледжінің 3–4 курс студенттеріне арналған Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында колледж студенттері университеттің оқу аудиторияларын, зертханаларын аралап, оқу үдерісімен және ғылыми базамен жақын танысты. Сонымен қатар олар Қазақ–Жапон орталығына (Kazakh–Japanese Centre) барып, халықаралық білім беру бағдарламалары мен мәдени алмасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Қонақтарымыз келесі бағыттармен танысты:
🔹 агротехникалық білім беру бағдарламалары;
🔹 референттік және оқу-зертханалық орталықтардың жұмысы;
🔹 заманауи зертханалық құрал-жабдықтардың мүмкіндіктері.
Ашық есік күні студенттерге мамандықтың қыр-сырын көзбен көріп, өздерінің болашақ кәсіби бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар олар халықаралық серіктестік аясында жүзеге асатын білім беру және мәдени байланыстардың артықшылықтарын сезінді.
Университет әкімшілігі іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан колледж студенттері мен оқытушыларына алғыс білдіреді. KazNARU әрдайым болашақ мамандарды қолдауға, сапалы білім беруге және халықаралық деңгейдегі тәжірибе ұсынуға дайын.
Біздің есігіміз әрқашан ашық!



