KazNARU-да білім беру бағдарламалары мен даму жоспарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті
2025 жылдың 11 желтоқсанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Инженерлік технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламалары мен даму жоспарын талқылау» атты маңызды академиялық дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Өткізу орны: 6-корпус, 6Л1 дәріс залы
Мақсаты: университеттің 2028 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы аясында білім беру мазмұнын еңбек нарығы талаптарына сәйкестендіру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және кәсіби бағдар беру сапасын арттыру.
Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:
-
инженерлік бағыттағы білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны;
-
студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда заманауи технологияларды қолдану тәсілдері;
-
өндірістік тәжірибе, кәсіптік практика және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері;
-
академиялық ұтқырлық, халықаралық серіктестік және цифрлық трансформацияның рөлі.
Дөңгелек үстелге факультет оқытушылары, кафедра меңгерушілері, университеттің академиялық және практика бөлімдерінің мамандары, жұмыс берушілер мен студент өкілдері қатысты.
Іс-шара білім беру сапасын арттыру мен еңбек нарығымен байланысты нығайтуға бағытталған мазмұнды пікір алмасу алаңы болды.



