ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Қазақстан Республикасы Кубогі — 2025: Инженерлік технологиялар факультетінің студенті жүлделі ІІ орынға ие болды

2025 жылы Спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасы Кубогі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген мықты спортшылар өз шеберліктерін таныстырды.

Самбо — тек спорт қана емес, тәртіп, жігер және төзімділікті талап ететін өмір мектебі. Бұл жарыста қатысушылар өздерінің күш-жігерін, техникалық дайындығын және рухани төзімділігін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, лайықты марапаттарына ие болды. Осындай дода жас спортшыларға тәжірибе жинап, болашақ халықаралық жарыстарға жол ашады.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультетінің 2 курс студенті Кабдрахимов Жансанат ерекше өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жансанаттың табандылығы, ерік-жігері және жоғары спорттық дайындығы осы жетістікті қамтамасыз етті. Ол факультеттің ғана емес, университеттің абыройын да биік деңгейде қорғады.

Университет әкімшілігі мен факультет ұжымы Жансанатты жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа белестер тілейді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник