ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU студенті қазақша күрестен жүлделі орын иеленді

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Ербол Сыпатаевтың құрметіне арналған студент жастар арасындағы қазақша күрестен турнирде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті Төлепберген Сұлтан II орынға ие болды.

Аталған турнир Алматы қаласында «Қайсар Жүрек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа ҚазҰАЗУ атынан «Орман шаруашылығы, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының 6В08402 – «Аквакультура және судың биологиялық ресурстары» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті қатысты.

Бұл турнир студент жастар арасында ұлттық спортты дамытуға, патриоттық тәрбие беруге және Желтоқсан қаһармандарының ерлігін ұлықтауға бағытталған.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник