KazNARU базасында орналасқан «ТИАШМИИ» ҰЗУ-дың Алматы қаласындағы филиалының 1-курс студенттері мен магистранттары Ташкентте халықаралық танымдық іссапарда болды
«ТИАШМИИ» ҰЗУ-дың Алматы қаласындағы филиалының 1 курс студенттері мен магистранттары 2025 жылғы 23–28 желтоқсан аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласына қызметтік-танымдық іссапармен барды
Аталған іссапардың негізгі мақсаты — КеАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» мен «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҰЗУ арасында 2024 жылдың 06 маусымында жасалған келісімі негізінде 6В08604 - «Су шаруашылығы және мелиорация» БББ-ның 1-курс студенттері мен 7М08610 - «Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару» БББ-ның 1-курс магистранттарын «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің («ТИАШМИИ» ҰЗУ) Жоғары білім беру процесстерін басқаратын – «HEMIS» ақпараттық жүйесіне тіркеу, оның функционалдық мүмкіндіктерімен және жұмыс тәртібімен жан-жақты танысу болды.
Іссапар аясында «ТИАШМИИ» ҰЗУ-дың Ректоры Мирзаев Баходир Суюновичпен арнайы кездесу ұйымдастырылып, онда университеттің даму бағыты, білім беру сапасы, халықаралық ынтымақтастық және студенттер мен магистранттарға жасалып отырған мүмкіндіктер туралы мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар, қонақтарға университеттің тарихы мен құрылымы таныстырылып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен жақын танысуға жағдай жасалды.
Бағдарлама барысында студенттер мен магистранттар заманауи оқу және ғылыми зертханаларды аралап, ондағы құрал-жабдықтармен, тәжірибелік сабақтардың өткізілу тәртібімен танысты. Бұл өз кезегінде студенттер мен магистранттардың кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына оң әсерін тигізді.
Іссапар кезінде «ТИАШМИИ» ҰЗУ-дың қызметкерлері жоғары деңгейдегі қонақжайлық көрсетті. Сондай-ақ, студенттік жатақханамен және үш мезгіл толыққанды тамақпен қамтамасыз етілді. Барлық ұйымдастыру жұмыстары мен тұрмыстық жағдайлар студенттер мен магистранттардың қауіпсіздігі мен жайлылығын ескере отырып жүргізілді.
Жалпы алғанда, аталған іссапар студенттер мен магистранттар үшін танымдық, мазмұнды және пайдалы болды. Студенттер мен магистранттар алған әсерлерін жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Іссапар студенттердің және магистранттардың халықаралық тәжірибе алмасуына, білім көкжиегін кеңейтуіне және университетаралық байланысты нығайтуға зор үлес қосты.













