ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

КӨҢІЛ ХАТ

Жанабеков Күмісқали Жанабекұлының
туыстарына, жақындарына, әріптестеріне!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы ардақты әріптесіміз, профессор Жанабеков Күмісқали Жанабекұлының қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл білдіреді.

Жанабеков Күмісқали Жанабекұлы 1939 жылғы 28 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылында дүниеге келіп, өмір бойы ғылымға, білім беру ісіне және жастарды тәрбиелеуге ерен үлес қосқан тұлға еді. Ол Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын үздік дипломмен бітіріп, көптеген жылдар бойы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессорлық қызмет атқарып, 50-ге жуық оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтардың, 150 жуық ғылыми мақалалардың авторы болды.

Марқұмның ғылымға сіңірген еңбегі, педагогикалық және қоғамдық қызметі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының бірі – «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ұжымы ретінде біз марқұмның жарқын бейнесін, ғылымға қосқан үлесін және ерен еңбегін мәңгі есте сақтаймыз. Жанабеков Күмісқали Жанабекұлының иманы саламат, жаны жәннатта болсын, рухы пейіште шалқысын. Алла алдынан жарылқасын!

Отбасы мен жақындарына шын жүректен сабыр мен қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.
 

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник