ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

«Денсаулық–2026» спартакиада аясында KazNARU-да спорттық жарыстар ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда «Turkistan» газетіне берген сұхбатында белсенді әрі сапалы өмір салтының негізгі ұстанымдарының бірі ретінде дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы бағыттағы мемлекеттік саясатты қолдау аясында KazNARU-да «Денсаулық–2026» спартакиадасы шеңберінде профессор-оқытушылар құрамы арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Аталған спартакиада аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында қол күрес және волейбол бойынша турнирлер өтті. Жарыстар салауатты өмір салтын насихаттауға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және спорттық белсенділікті арттыруға бағытталды.

Қол күрес жарысы жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар күш-жігерін, төзімділігін және спорттық шеберлігін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын — Ветеринария және зооинженерия факультеті;
2 орын — Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
3 орын — Су ресурстары және IT технологиялар факультеті;
4 орын — Агробиология факультеті;
5 орын — Әскери кафедра;
6 орын — Инженерлік технологиялар факультеті;
7 орын — Әкімшілік командасы.

Өз кезегінде волейболдан (қыздар арасында) өткен турнир де тартысты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушылардың командалық рухы, өзара қолдауы мен спорттық дайындығы айқын көрінді.

Волейбол (қыздар) турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:

1 орын — Әкімшілік командасы;
2 орын — Ветеринария және зооинженерия факультеті;
3 орын — Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті.

Аталған спорттық іс-шаралар профессор-оқытушылар құрамының денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға зор ықпал етті.

KazNARU ұжымы Мемлекет басшысы белгілеген салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытын жүйелі түрде қолдап, бұқаралық спортты дамытуға алдағы уақытта да ерекше көңіл бөлетін болады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник