ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, заманауи зерттеу оқу ордасындағы білім берудің жаңа стандарттарымен және инновациялық жетістіктермен таныстыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

✅Кәсіби бағдар беру жұмыстары университеттің барлық факультеттерінің студенттерінің де қатысуымен кең ауқымда ұйымдастырылды. KazNARU студенттері Қазақстанның әр өңіріне барып, өздері білім алған туған мектептерінде университет атынан алғыс хаттар табыстап, мектеп бітіруші түлектермен еркін форматта кездесулер өткізді.

✅Кездесу барысында студенттер университеттегі оқу үдерісі, білім беру мүмкіндіктері, студенттік өмір мен таңдаған мамандықтарының артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат беріп, жастарға кәсіби бағыт-бағдар көрсетті. Бұл бастама мектеп оқушыларының жоғары оқу орнын саналы түрде таңдауына, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен серпін берді.

✅Атап айтқанда, «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің «Клиникалық пәндер» кафедрасының в.ғ.д. қауымдастырылған профессор Ж.Қазиев Түркістан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында, «Микробиология, вирусология и иммунология» кафедрасының аға оқытушысы, в.ғ.к. Г.М.Нургожаева Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы, Рахат ауылдық округіндегі Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептерінде;

✅ «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің деканы Д.Ажинурина, декан орынбасары З.Сүндет Бесағаш ауылындағы №28, №29, №45, №16 орта мектептерінің қазақ-орыс-ұйғыр сыныптарында, «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының оқытушысы Л.Ш. Куншигарова Ақтау қаласының және Жаңаөзен қаласындағы, Мұнайлы ауданындағы мектептерде, Г.Т. Сапарова, С.Ғ. Серикбаева Алматы обл., Талғар ауданы, Қызылқайрат кетінде №19, Ақдала кетінде №44, Талдыбұлақ кентінде №35 және Б.Р. Рыскулбекова, А.А. Гаитова Белбұлақта №32, №10 және Тұздыбастау ауылында №31, №13 жалпы білім беретін орта мектептерінде;

✅ «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушылары Қыдырбай Қ.К., Закирова М.Е. Әуезов ауданындарындағы ғы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 гимназиясында, ф.ғ.к., доцент Н.Ә. Алдабек, PhD, аға оқытушы Ш.Т. Жанысбекова І.Жансүгіров атындағы гимназиясында, А.Н.Турсынбай, А.Ш.Карибаева №97 мектеп-гимназиясында, Ш.С. Сақтаған, А.А. Байманасова №141 орта мектебінде, аға оқытушы, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.С.Көпбаева, аға оқытушы, PhD доктор, Д.Қ. Қалиақпар №104 жалпы ьілім беретін мектебінде, А.Б. Даулетова, А. Бердіхан №133 мектеп-гимназиясында және кафедра профессорлары З.С. Ақтамбердиева, Ж.М. Асылбекова, қабылдау комиссиясының бас маманы Д.Бекбаев және 1-курс студенттері А. Куванышбек, Ф.Айтмухамбет Бостандық ауданындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясында;

✅ «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің «Ландшафтық дизайн және көгалдандыру» кафедрасының аға оқытушысы М.О.Байтасов Жетісу обл., Көксу ауданы, Балпық би ауылының Қ.Жалайыри орта метек-гимназиясында болып, бітіруші түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп қайтты.

✅Университеттің заманауи инновацияларды құру және дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктері, факультеттердің ерекшеліктері туралы айта келіп, оқу ордасы жайлы бейнеролик пен презентация ұсынды.

✅ Кездесу қатысқан жоғары сынып оқушылары аграрлық мамандақтардың болашағына қызығушылық танытты. Олар бейіндік пәндер бойынша: математика-география, математика-физика, биология-химия, биология-география таңдай отырып, QR-код сілтемесі арқылы сауалнамадан өтті.

✅Кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Баршамызға сәттілік!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник