ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU ПАЛУАНДАРЫНЫҢ СПОРТТАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

✅2026 жылдың 25 қаңтарында жауынгерлік және спорттық самбодан өткен Алматы қаласының чемпионатында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің палуандары жоғары нәтиже көрсетіп, университет мерейін асқақтатты.

✅Аталған жарыста KazNARU құрамасы 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алып, тартысты бәсекеде үздіктер қатарынан көрінді. Жалпы чемпионатқа 165 палуан қатысып, өзара мықтыны анықтады.

✅Жарыста жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар:

Кабдракимов Жансанат ("Инженерлік-технологиялар" факультеті, АТТ-24-01) - 79 кг салмақ дәрежесінде І орын,

Рахметул Ерназ ("Орман шаруашылығы және жер ресурстары" факультеті, КД-25-23к) - 53 кг салмақта ІІІ орын,

Төлепберген Сұлтан ("Орман шаруашылығы және жер ресурстары" факультеті, АК-25-13К) - 93 кг салмақта ІІІ орын иеленді.

✅Бұл жетістік KazNARU студенттерінің спортқа деген табандылығы мен жүйелі дайындықтарының айқын дәлелі. Палуандарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Нокишев Мурат Бидахметович мырзаға алғысымыз шексіз.

✅Университет спортшыларына алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник