Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылды
Инженерлік технология және Агробиология факультеттерінің 4-курс студенттерімен факультет декандары мен «Практика және жұмысқа орналастыру» бөлімінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқыған түлектердің міндетті еңбекпен өтеу тәртібі, жұмысқа орналасу талаптары мен заңнамалық нормалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
✅мемлекеттік грантты міндетті еңбекпен өтеу тәртібі;
✅жұмысқа орналасу мерзімдері мен қойылатын талаптар;
✅еңбек өтеу орындарын таңдау мүмкіндіктері;
✅заңнамалық жауапкершілік және қарастырылған жеңілдіктер.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толық жауап алды. Ашық форматта өткен кездесу пайдалы ақпарат алмасу алаңына айналды.


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)

