ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU студенті Алматы қаласының чемпионатында жүлделі орын иеленді

2026 жылғы 25 қаңтарда Алматы қаласында грек-рим және еркін күрес түрлерінен (U15, U17, U20, U23) өткен қалалық чемпионатта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің ЮП-25-10к тобының студенті Бейсенқұл Амир 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді.

Аталған жарысқа әртүрлі жас санатындағы мықты спортшылар қатысып, өзара жоғары деңгейде бақ сынады. Бейсенқұл Амирдің бұл жетістігі – студенттердің спорттық әлеуеті мен университетте салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған жұмыстардың нәтижесі.

Университет басшылығы студентімізді жүлделі орнымен құттықтай отырып, алдағы спорттық жарыстарда толағай табыстар тілейді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник