KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕКТЕПТЕРМЕН КӘСІБИ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Кәсіби бағдар беру аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы бірқатар мектептермен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Барлыков Е.К. №141 мектеп-гимназиясында; «Энергетика және электротехника» кафедрасының ассистенттері Сарсенбекұлы Д., Нуртулеуов А.О. №16 мектеп-гимназиясында; аталған кафедраның оқытушылары Молдажанов А., Азизов А., Елеушинов А. №55 және №135 мектеп-гимназияларында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Клиникалық пәндері» кафедрасының профессоры Туғанбай А.А. мен «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры Құлатаев Б.Т. Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Ораз Жандосов атындағы орта мектептің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесулер барысында кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыру, өзекті мәселелерге инновациялық шешімдер ұсыну, тәжірибе алмасу және бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен қамтылды.
Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектерге университет факультеттері мен білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылып, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесу барысында қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, түлектер университет өкілдеріне өз алғыстарын білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі






