ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «DIGITAL AGROLEADERS 2026» КОНКУРСЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

✅2026 жылғы 29 қаңтарда Инженерлік технологиялар факультетінің «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының ұйымдастыруымен, факультет деканы Л.Алдибаева, кафедра меңгерушісі А.Ниязбаев және кафедраның қауымдастырылған профессоры м.а. М.Жетпейсовтың жетекшіліктерімен «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен бірлескен ауқымды іс-шара өтті. «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Елдос Жаңбырбаев және «ІТ–технология» кафедрасының оқытушысы Ақерке Абиева қатысты.

✅Іс-шараға компания тарапынан Меруерт Шарыпова – оқыту және дамыту бөлімінің басшысы, Сая Айдарбекова – кадрлық әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Андрей Геллерт – өнім жөніндегі маман, Ерасыл Алпысбаев – сервистік қызмет көрсету бөлімінің инженер-механигі қатысты.

✅Кездесуге «Аграрлық техника және технология», «Агрономия» және «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 2–4 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

✅Іс-шараның негізгі мақсаты – Eurasia Group Kazakhstan компаниясы ұйымдастыратын, дарынды студенттерді анықтау мен қолдауға, сондай-ақ аграрлық саланы дамытуда заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдана алатын жастарды тартуға бағытталған «Digital Agroleaders 2026» студенттік конкурсы туралы жан-жақты ақпарат беру және компания қызметінің негізгі бағыттарын таныстыру болды.

✅Іс-шара барысында компания өкілдері конкурс шарттары, кезеңдері, қатысу талаптары және жеңімпаздарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар студенттердің кәсіби дамуы, өндірістік тәжірибе мен

тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

✅Кездесу барысында «Digital Agroleaders 2026» конкурсына қатысудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылды. Аталған конкурс студенттерге өздерінің инновациялық идеялары мен әзірлемелерін ұсынуға, салалық сарапшылардан кәсіби кері байланыс алуға, сондай-ақ құнды жүлделер үшін бақ сынауға мүмкіндік береді.

✅Сонымен бірге конкурсқа қатысу тағылымдамадан өтуге, тәжірибелік дағдыларды дамытуға және компанияда кәсіби мансапты бастауға нақты жол ашатыны атап өтілді.

✅15 жылдық тарихы бар «Digital Agroleaders» конкурсы бүгінде жүздеген студент үшін кәсіби өсу мен өзін-өзі дамыту алаңына айналған. Байқау жеңімпаздары дәстүрлі түрде Eurasia Group Kazakhstan серіктес зауыттарына шетелдік іссапарларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал финалистер бағалы сыйлықтармен марапатталып, жаңа кәсіби перспективаларға қол жеткізеді.

✅Кездесу жоғары деңгейде әрі мазмұнды өтті. Компания өкілдері студенттермен ашық форматта пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірлері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Бұл өзара байланыс студенттердің белсенділігін арттырып, кәсіби тақырыптар бойынша еркін диалог орнауына ықпал етті.

✅Кездесу соңында студенттер «Digital Agroleaders 2026» конкурсына үлкен қызығушылық танытып, байқауға қатысу шарттары, бағалау критерийлері, жобаларды ұсыну ерекшеліктері мен одан кейінгі мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарын қойды. Қойылған барлық сұрақтарға компания өкілдері жан-жақты әрі нақты жауап берді.

✅Аталған іс-шара студенттерге өз әлеуетін бағалауға, саланың заманауи талаптарымен танысуға және болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берген тиімді алаң болды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник