ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Бүгін студенттермен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын таныстырып, ашық форматта талқылау өткіздік.

Талқылау барысында адам құқықтары, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, мемлекеттік тілдің мәртебесі және жастарға қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.

Студенттер өз пікірлерін еркін білдіріп, сұрақ қойып, сыни ой тұрғысынан көзқарас танытты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, елдегі маңызды реформаларға бейжай қарамауына мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Конституция – тек заңгерлер үшін емес, әрбір азамат үшін маңызды құжат. Ал оны түсіну мен талқылау – саналы қоғамға жасалған қадам.

#Конституция #Студенттер #ҚұқықтықСауат #АзаматтықПозиция #ЖастарҮні

---------Chatbot---------
виртуальный помощник