БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР
Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мектептермен өзара ынтымақтастықты жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Атап айтқанда, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Женисова А.Е. Алматы қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының 11-сынып түлектерімен кездесу өткізіп, университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныс туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, аталған кафедраның оқытушылары Қалиева М.С. пен Қасымхан А.Қ. Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназиясында 9–10–11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесулер ұйымдастырып, оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, аграрлық саладағы заманауи мүмкіндіктер мен университетте білім алудың артықшылықтары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осындай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етіп, жоғары оқу орны мен мектептер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. KazNARU профессор-оқытушылар құрамы тарапынан кәсіби бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдегі және қала мектептерін қамту аясын кеңейту жоспарлануда.
KazNARU Баспасөз қызметі





