ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

Студенттерімізбен мақтанамыз!

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің командасы, Инженерлік технологиялар факультеті, И. В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасы Студенттерімізбен мақтанамыз!

Hult Prize Demo Day 2026 аясында, ҚазҰАЗУ мен MOST IT Hub бірлесе ұйымдастырған, Алматыда жастар арасында стартап жобаларының аймақтық питчинг өткізілді. Жарысқа еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері мен білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Қазылар алқасына инвестициялар, кәсіпкерлік және инновациялар саласындағы жетекші мамандар — Activat VC, Astana Hub, MOST, Narxoz University өкілдері, сондай-ақ халықаралық менторлар.
Жарысқа 20 стартап-жоба ұсынылды (9 офлайн, 11 онлайн) және олар экология, білім беру, көлік, жасыл логистика, жол қозғалысы қауіпсіздігі, әлеуметтік және аграрлық технологиялар салаларында болды.
Питчингке ҚазҰАЗУ, SDU командалары, сондай-ақ Ш. Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің оқушылары қатысты.
3-орынды ҚазҰАЗУ студенттері — Бүркіт Тамерлан мен Уразалинов Адиль (ЛГ 25-07Р) SNOWGUARD MODULAR AI жобасымен жеңіп алды.
Жастар өз стартаптарын лайықты дәрежеде танытып, қазылар алқасының жоғары бағасын және жобаларын әрі қарай дамыту бойынша кәсіби ұсыныстар алды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен батыл жобалар тілейміз!

 

#HultPrize #DemoDay2026 #КазНАИУ #MostITHub #StartupKZ #СтудентыКазНАИУ #ИнженерныеТехнологии #ГордимсяНашими
#КазНАИУ #kafedra_ttit

---------Chatbot---------
виртуальный помощник