KazNARU АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
2026 жылдың 4 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ақмола облысының мектеп түлектеріне арналған «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматта кездесу өтті.
Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, түлектерге университеттің білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылды.
Ақмола облысының 517 мектебінен 6695 түлек онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған бұл шара мектеп бітірушілері үшін кәсіби бағдар алуға үлкен мүмкіндік берді.
Кездесуге Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балташева Айнагул Қыдырбайқызы, Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Туткабаева Бакытжан Жаулыбаевна қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы университеттің даму бағыттары мен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.
Іс-шараны қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізді.
Кездесу барысында Ақмола облысынан келіп, оқып жатқан үздік, әрі белсенді студенттер – мемлекеттік грант иегерлері өз жетістіктерімен бөлісіп, университетте сапалы білім мен жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
KazNARU Баспасөз қызметі







