KazNARU «UI GREENMETRIC РЕЙТИНГІНЕН ІС-ӘРЕКЕТКЕ: ЖАСЫЛ КАМПУС, ТАЗА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПЛАСТИК ЖИНАУДЫ ГЕЙМИФИКАЦИЯЛАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДИАЛОГ АЛАҢЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
2026 жылғы 3 ақпанда «UI Greenmetric рейтингінен іс-әрекетке: жасыл кампус, Таза Қазақстан және пластик жинауды геймификациялау» тақырыбында онлайн-телеконференция өтті. Аталған іс-шара Қазақстан университеттеріндегі орнықты даму бағытындағы нақты қадамдарды талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Телеконференцияға KazNARU Жасыл және орнықты даму институтының, Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Олардың қатарында «Ландшафтық дизайн және көгалдандыру» кафедрасының оқытушысы Сағынбек Данияр Амангелдіұлы, «Аквакультура» кафедрасының студенті және «Орман ресурстары» кафедрасынан Жолдас Ержан болды.
Телеконференция төрт негізгі тақырыптық бағыт аясында ұйымдастырылып, мазмұнды баяндамалар мен пікірталастар форматында өтті.
Алғашқы бағытта бүгінгі таңда университеттердің орнықты дамуын бағалауда маңызды көрсеткішке айналған UI Greenmetric рейтингі талқыланды. Қатысушылар рейтинг критерийлерін саралап, ұлттық және халықаралық деңгейде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін жүйелі бірлескен жұмыс, білім алмасу және энергия үнемдеу, қалдықтарды басқару, жасыл инфрақұрылымды дамыту сияқты бағыттарды қамтитын үйлесімді іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Келесі бөлімде жасыл кампус тұжырымдамасына ерекше назар аударылды. Сарапшылар университеттік ортада орнықты тәжірибелерді енгізудің нақты кейстерін ұсынып, кампустың экологиялық жауапты кеңістіктің үлгісіне айналу мүмкіндіктерін көрсетті. Аумақтарды көгалдандыру, электр көлігін дамыту, ресурстарды тиімді пайдалану және студенттерді экологиялық бастамаларға тарту жол картасы талқыланды.
Үшінші бағыт пластик жинауды геймификациялау тақырыбына арналды. Қатысушылар студенттерді ынталандыру және экологиялық акцияларды кеңінен тарату мақсатында ойын элементтерін қолдану тәжірибесімен бөлісті. Геймификация қалдық жинау үдерісін қызықты әрі жаппай қозғалысқа айналдырып, жастар арасында экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Қорытынды бөлімде «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында пікірталас өтті. KazNARU халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Рафис Абазов университеттердің, Жасыл және орнықты даму институтының, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінің еріктілер қозғалысын ұйымдастырудағы белсенді рөлін атап өтті. Студенттердің пластик жинау және қайта өңдеу жобаларына, сондай-ақ қоғамды экологиялық мәселелерді шешуге жұмылдыруға бағытталған бастамаларға қатысуына ерекше мән берілді.
Телеконференция орнықты даму идеяларын нақты жобаларға айналдыруға ұмтылған барлық қатысушылар үшін маңызды оқиға болды. Іс-шара университеттер, студенттер және қоғамдық ұйымдар күштерін біріктіру Қазақстандағы экологиялық трансформацияға жаңа мүмкіндіктер ашып, қоршаған ортаға жауапты көзқарас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті.
Кездесу KazNARU Халықаралық офисі, Жасыл және орнықты даму институты және Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінің бірлескен жұмысының нәтижесінде, университеттің халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Білім алмасу және экологиялық білім беру саласындағы ынтымақтастық KazNARU оқытушылары мен студенттері үшін халықаралық ресурстарға, гранттық бағдарламалар мен академиялық алмасу платформаларына қол жеткізуге жол ашып, университеттің ұлттық зерттеу орталығы ретіндегі позициясын нығайта түседі.
KazNARU Баспасөз қызметі


