KazNARU СТУДЕНТТЕРІ HULT PRIZE DEMO DAY 2026 АЯСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің командасы Инженерлік технологиялар факультеті И. В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасы өз студенттерімен мақтанады.
Hult Prize Demo Day 2026 аясында ҚазҰАЗУ мен MOST IT Hub бірлесе ұйымдастырған жастар арасындағы стартап жобалардың аймақтық питчингі Алматы қаласында өтті. Аталған байқауға еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарының студенттері мен білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Қазылар алқасының құрамында инвестициялар, кәсіпкерлік және инновациялар саласындағы жетекші сарапшылар Activat VC, Astana Hub, MOST, Narxoz University өкілдері, сондай-ақ халықаралық менторлар болды.
Жарыс барысында барлығы 20 стартап-жоба ұсынылды (9 жоба офлайн, 11 жоба онлайн форматта). Қатысушылар экология, білім беру, көлік, жасыл логистика, жол қозғалысы қауіпсіздігі, әлеуметтік және аграрлық технологиялар бағыттарында өз идеяларын қорғады.
Питчингке KazNARU мен SDU командалары, сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің оқушылары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша KazNARU студенттері Бүркіт Тамерлан мен Уразалинов Адиль (ЛГ 25-07Р) SNOWGUARD MODULAR AI жобасымен жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жастар өз стартаптарын жоғары деңгейде таныстырып, қазылар алқасының оң бағасын және жобаларын одан әрі дамытуға арналған кәсіби ұсыныстар алды.
Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен батыл жобалар тілейміз!




